Сыйлықтар Фейерверкі! Мерекенің сиқырын Coca-Cola-мен сез!
«Сыйлықтар Фейерверкі! Мерекенің сиқырын Coca-Cola-мен сез!» жарнама науқаны
1. Науқанның Тапсырыс берушісі: «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК ЖШС, тіркелген мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, 203/73 ғимарат, пошталық индексі: A05D0G0.
2. Науқанды Ұйымдастырушы: «BestSeller KAZ» ЖШС, тіркелген мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Бостандық ауданы, Бұқар жырау бульвары, 26/1, офис 37, пошталық индексі; 050021.
3. Науқанның Техникалық серіктесі: "TOIMART" ЖШС; тіркелген мекенжайы: Қазақстан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Розыбақиев көшесі, 4-үй, пошталық индексі 050009.
4. Науқанды өткізу кезеңі: Алматы қ. уақыты бойынша 2025 жылғы 08 желтоқсан сағат 08:00-ден бастап, 2026 жылғы 22 қаңтар сағат 23:00-ге дейін.
5. Науқанды өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Тoimart супермаркеттері. Барлық супермаркеттердің мекенжайлары Техникалық серіктестің ресми www.toimart.kz веб-сайтында жарияланған.
6. Науқанға қатысатын өнімдер: науқанға The Coca-Cola Company (Дзе Кока-Кола Компани) сауда белгілері бар ПЭТ-орамасында 1 литр көлеміндегі келесі атаулардағы: Coca-Cola Classic, Coca-Cola Zero Sugar, Fanta Апельсин, Fanta Лимонад, Sprite, Fuse Tea (лимон, шабдалы, манго-ананас, түймедақ, жидектер, қарбыз, құлпынай-қауын сусын өнімдері қатысады.
7. Науқанға қатысушылар: Науқанға Науқандық өнімді сатып алу кезінде 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматтары немесе Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар және оның аумағында тұрақты тұратын азаматтар қатыса алады.
Ескерту: Науқанға қатыстырылмайтын тұлғалар: (і) осы тармақтың талаптарына сәйкес келмейтін тұлғалар, (іі) Тапсырыс берушінің, Ұйымдастырушының және Техникалық серіктестің жұмыскерлері, қызметкерлері және уәкілетті өкілдері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен олармен еншілес тұлғалар, (iii) Науқанды әзірлеу, ұйымдастыру және өткізу аясында Тапсырыс берушімен, Ұйымдастырушымен және Техникалық серіктеспен шарттық қатынастағы үшінші тұлғалардың жұмыскерлері, қызметкерлері және уәкілетті өкілдері.
8. Науқанға қатысу шарттары: науқанға қатысу үшін Toimart супермаркеттер желісінің сатып алушысы келесі әрекеттерді орындауы керек:
Науқандық өнімнің кемінде 2 (екі) бірлігін қамтитын сауда жасау;
Жасалған сауда үшін төменгі жағында арнайы промо-код көрсетілген бақылау-кассалық чек алу;
Техникалық серіктестің www.toimart.kz веб-сайтындағы жеке пайдаланушы кабинетінде промо-кодты белсендендіру.
Жоғарыда аталған әрекеттерді орындаған сатып алушы Науқан қатысушысы атанады. Мысалы: бақылау-кассалық чекте Науқандық өнімнің 2 (екі) бірлігі = 1 (бір) промо-код. Бақылау-кассалық чекте 4 (төрт) дана Науқандық өнім = 2 (екі) промо-код.
9. Науқанның Жүлде қоры: науқанның жүлде қоры (бұдан әрі – "Жүлде қоры" немесе "Жүлделер") келесі Жүлделерден тұрады:
Apple iPhone 17 Pro Max 12/512GB смартфоны - 6 дана
Термомикс ТМ6 ас үй құралы - 4 дана
Sony PlayStation 5 ойын приставкасы - 6 дана
ARG MS27 68,6 см теледидары - 7 дана
Sony WH1000XM5S.E Silver құлаққаптары - 10 дана
Smeg TSF01RDEU тостері - 10 дана
Tefal Optigrill 4 in 1 GC774D30 ақылды электрлік грилі - 8 дана
Samsonite полипропилен жолсандығы, көлемі 88 л - 6 дана
Яндекс Станция Мини, сағаты бар, ақылды колонкасы - 16 дана
Құны 20 000 тенге «Золотое Яблоко» дүкенінің сыйлық сертификаты - 40 дана
Құны 20 000 тенге «Toimart» супермаркетінің сыйлық сертификаты - 40 дана
Ескертпе: (i) Жүлделер саны шектеулі, (ii) Жүлделер қайтарылмайды, алмастырылмайды және орнына Жүлде құнының ақшалай баламасы немесе өзге өтемақы берілмейді, (iii) Жүлделердің нақты сипаттамалары, сыртқы келбеті және басқа параметрлері Науқанның жарнамалық материалдарында, сондай-ақ Тапсырыс беруші, Ұйымдастырушы мен Техникалық серіктестің веб-сайтында, әлеуметтік желілерде немесе басқа ақпарат көздерінде ұсынылған суреттер мен сипаттамалардан өзгеше болуы мүмкін.
10. Жүлделер ұтысы: Жүлде қорының ұтыс ойынын өткізуді және жеңімпаздарды айқындау Instagram әлеуметтік желісіндегі Техникалық серіктестің ресми парақшасында (@toimart.supermarket) тікелей эфирде (онлайн-трансляция) www.randstuff.ru кездейсоқ сандар генераторын көмегімен жүзеге асырылады. Тікелей эфирлер Алматы қ. уақыты бойынша сағат 16:00-де келесі күндері өткізіледі: 2025 жылдың 19 желтоқсан; 2026 жылдың 05 қаңтар, 16 қаңтар, 23 қаңтар күндері.
11. Жүлделерді беру: Жеңімпаздарға жүлделер Ұйымдастырушының кеңсесінде табыс етіледі. Ұйымдастырушының мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Бостандық ауданы, Бұқар жырау бульвары, 26/1, 37-офис. Талдықорған, Үшарал және Жаркент қалаларындағы Жеңімпаздардың Жүлделері Жеңімпаздардың мекен-жайына Науқан аяқталғаннан кейін жеткізіліп беріледі. Жүлделердің нақты берілу күні жеке хабарланатын болады. ЖҮЛДЕЛЕР ТЕК ҰТЫСТЫ ПРОМО-КОДЫ БАР БАҚЫЛАУ-КАССАЛЫҚ ЧЕГІНІҢ ТҮПНҰСҚАСЫ БАР ЖАҒДАЙДА ҒАНА ТАБЫСТАЛАДЫ.
МАҢЫЗДЫ: Бұл мәтін Науқанға қатысу шарттарының қысқаша сипаттамасы болып табылады және толық ережелер редакциясына жатпайды. Науқанға қатысу - автоматты түрде алдын ала танысуыңыз қажетті Науқанның толық ережелерімен толық келісуіңізді білдіреді. Ережелердің толық мәтіні Техникалық серіктестің ресми веб-сайтында қолжетімді: www.toimart.kz.
Промокодты тіркеу
Қатысу үшін промокод қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз