
TOIMART SUMMER FEST
1.Науқанды Ұйымдастырушы: "TOIMART" ЖШС; тіркелген мекенжайы: Қазақстан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Розыбақиев көшесі, 4-үй, пошта индексі 050009.
2.Науқанның Техникалық Серіктесі: «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК ЖШС, БСН: 010140000669, тіркелген мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, 203/73 ғимарат, пошталық индексі: A05D0G0.
3.Науқанды өткізу кезеңі: Алматы қ. уақыты бойынша 2025 жылғы 03 шілде сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 07 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін.
4.Науқанды өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Тoimart супермаркеттер желісі. Барлық филиалдардың мекенжайлары Ұйымдастырушының ресми www.toimart.kz веб-сайтында жарияланған.
5.Науқандық өнімдер: Науқанға The Coca-Cola Company (Дзе Кока-Кола Компани) сауда белгілері бар көлемі 1 литрлік ПЭТ-қаптамадағы келесі сусын өнімдері қатысады: Piko Pulpy Апельсин, Bonaqua (газдалған және газдалмаған), Coca-Cola Classic, Coca-Cola Zero Sugar, Fanta Апельсин, Fanta Лимонад, Sprite, Fuse Tea (лимон, шабдалы, манго-ананас, түймедақ, лайм-жалбыз, қарбыз, құлпынай-қауын).
6.Науқанға Қатысушылар: Науқанға 1) Науқандық өнімді сатып алу кезінде 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматтары немесе Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар және оның аумағында тұрақты тұратын әрекетке қабілетті шет мемлекеті азаматтары қатыса алады.
Ескертпе: Науқанға қатыстырылмайтын тұлғалар: (і) осы тармақтың талаптарына сәйкес келмейтін тұлғалар, (іі) Ұйымдастырушының және Техникалық серіктестің жұмыскерлері, қызметкерлері және уәкілетті өкілдері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен олармен еншілес тұлғалар, (iii) Науқанды әзірлеу, ұйымдастыру және өткізу аясында Ұйымдастырушымен және Техникалық серіктеспен шарттық қатынастағы үшінші тұлғалардың жұмыскерлері, қызметкерлері және уәкілетті өкілдері.
7.Науқанға қатысу шарттары: Науқанға қатысу үшін Toimart супермаркеттер желісінің сатып алушысы келесі әрекеттерді орындауы керек:
1)Кемінде 5 000 (бес мың) теңгеге Науқандық өнімнің кемінде 2 (екі) бірлігін қамтитын сауда жасау;
2)Жасалған сауда үшін төменгі жағында арнайы промо-код көрсетілген бақылау-кассалық чек алу;
3)www.toimart.kz веб-сайтында тіркеліп, жеке кабинетте промо-кодты енгізу.
Жоғарыда аталған әрекеттерді орындаған сатып алушы Науқан қатысушысы (бұдан әрі – «Қатысушы») атанады.
Мысалы: 2 бірлік Coca-Cola (1 л) кіретін сомасы 5 500 теңгелік бақылау-кассалық чек = 1 промо-код. 4 бірлік Coca-Cola (1 л) кіретін сомасы 10 500 теңгелік бақылау-кассалық чек = 2 промо-код.
8.Науқанның Жүлде қоры: Науқанның жүлде қоры (бұдан әрі – "Жүлде қоры" немесе "Жүлделер") келесі Жүлделерден тұрады:
2 (екі) адамға арналған круиздік жолдама - 10 дана
Сымсыз құлаққаптар Apple AirPods - 10 дана
Смарт-сағат HUAWEI Watch Fit 4 Pro - 5 дана
Планшет Honor Pad X9a, 11.5″ - 5 дана
Сыртқы аккумулятор Samsung, 10 000 мА·с - 20 дана
Мойынға арналған жастықша «Джерри» - 35 дана
Жолға арналған чемодан, көлемі 100 л - 20 дана
Балаларға арналған чемодан, көлемі 33 л - 20 дана
Ескертпе: (i) Жүлделер саны шектеулі, (ii) Жүлделер қайтарылмайды, алмастырылмайды және орнына Жүлде құнының ақшалай баламасы немесе өзге өтемақы берілмейді, (iii) Жүлделердің нақты сипаттамалары, сыртқы келбеті және басқа параметрлері Науқанның жарнамалық материалдарында, сондай-ақ Ұйымдастырушы мен Техникалық серіктестің веб-сайтында, әлеуметтік желілерде немесе басқа ақпарат көздерінде ұсынылған суреттер мен сипаттамалардан өзгеше болуы мүмкін.
9. Жүлде қорының ұтыс ойыны: Жүлде қорының ұтыс ойынын және жеңімпаздарды (бұдан әрі - "Жеңімпаздар") айқындауды Ұйымдастырушының өкілдері Instagram әлеуметтік желісіндегі Ұйымдастырушының ресми парақшасында (@toimart.supermarket) тікелей эфирде (онлайн-трансляция) www.randstuff.ru веб-сайтындағы кездейсоқ сандар генераторын көмегімен жүзеге асырады. Барлық ұтыс ойындары 2025 жылғы 17 шілде, 31 шілде, 14 тамыз, 28 тамыз және 11 қыркүйек күндері Алматы қаласы уақыты бойынша сағат 16:00-де өтеді.
10.Жүлделерді беру: Жүлделер Ұйымдастырушының бас кеңсесінде табыс етіледі. Ұйымдастырушының мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Розыбақиев көшесі, 4-үй. Екі адамға арналған круиздік жолдамалар тек бас кеңседен беріледі. Талдықорған, Үшарал және Жаркент қалаларындағы Жеңімпаздардың Жүлделері сол қалаларда орналасқан Тoimart супермаркеттер желісінің тиісті филиалдарына жеткізіледі де Науқан аяқталғаннан кейін беріледі. Жүлделерді беру күндері Жеңімпаздарға жеке хабарланатын болады. Жүлделер промо-коды бар жеңімпаз бақылау-кассалық чектің түпнұсқасы болған кезде ғана беріледі.
МАҢЫЗДЫ: Бұл мәтін Науқанға қатысу шарттарының қысқаша сипаттамасы болып табылады, ол ережелердің толық редакциясы емес. Науқанға қатыса отырып, Қатысушы ережелердің толық нұсқасымен танысып, олармен келісетінін растайды. Ережелердің толық мәтіні Ұйымдастырушының ресми www.toimart.kz. веб-сайтында жарияланған.
* Науқан лотерея емес
Промокодты тіркеу
Қатысу үшін промокод қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз