Coca-Cola-мен пикникке!
Науқанды ұйымдастырушы: Қазақстан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Розыбакиев көшесі, 4 үй, пошта индексі 050009 мекенжайы бойынша тіркелген «TOIMART» ЖШС.
Науқан серіктесі: Қазақстан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, 203/73 үй, A05D0G0 пошталық индексі мекенжайы бойынша тіркелген «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК ЖШС.
Науқанды өткізу мерзімі: Алматы қ.уақыты бойынша 2026 жылғы 27 сәуір сағат 08:00-ден 2026 жылғы 07 маусым сағат 23:00-ге дейін
Науқанды өткізу аумағы: Іс-шараны өткізу аумағы: «Toimart» сауда желісіне кіретін және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан супермаркеттер Іс-шараға қатысатын сауда объектілерінің өзекті тізбесі мен мекенжайы «Toimart» сауда желісінің www.toimart.kz. ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Науқан өнімдері: науқанға The Coca-Cola Company (Дзе Кока-Кола Компани) сауда белгілері бар кез келген көлемі мен қаптамасының келесі атаулардың ауыз су өнімдері түрі қатысады: Piko Pulpy Апельсин, Bonaqua (газдалған және газдалмаған), Coca-Cola Classic, Coca-Cola Zero Sugar, Fanta Апельсин, Fanta Гранат, Fanta Лимонад, Sprite, Fuse Tea, (лимон, шабдалы, манго-ананас, манго-түймедақ, жидектер қарбыз, құлпынай-қауын), Schweppes (классик, мандарин, мохито), Monster energy (mango loco, pipeline punch, ultra, сlassic)
Науқанға қатысушылар: Науқанға Науқан өнімін сатып алу сәтінде 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтары немесе шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және оның аумағында тұрақты тұратын әрекетке қабілетті адамдар қатыса алады.
Ескертпе: Науқанға (i) осы тармақтың талаптарына сәйкес келмейтін тұлғалар, (ii) Ұйымдастырушы мен Серіктестің жұмыскерлері, қызметкерлері және уәкілетті өкілдері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен олармен үлестес тұлғалар, (iii) Науқанды дайындау, ұйымдастыру және өткізу бойынша Ұйымдастырушымен және Техникалық серіктеспен шарттық қатынастары бар үшінші тұлғалардың жұмыскерлері, қызметкерлері және уәкілетті өкілдері қатысуға жіберілмейді.
Науқанға қатысу шарттары: Науқанға қатысу үшін Toimart супермаркеттер желісін сатып алушыға:
5-тармақта көрсетілген кез келген тауардың кемінде 2 (екі) бірлігі бар сатып алуды жасау;
сатып алу үшін арнайы промокоды бар бақылау-касса машинасының чегін (бұдан әрі – «БКМ чегі») алу;
промокодты пайдаланушының жеке кабинетінде ұйымдастырушының интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша тіркеу: www.toimart.kz.
Жоғарыда аталған әрекеттерді орындаған сатып алушы Науқанға қатысушы (бұдан әрі – «Қатысушы») болып танылады. Мысалы: 2 Coca-Cola бірлігі бар бақылау-кассалық чек = 1 промокод. 4 Coca-Cola бірлігі бар бақылау-кассалық чек = 2 промокод. (Науқан өнімдердің комбинациясы кез келген болуы мүмкін)
8. Науқанның жүлде қоры: Науқанның жүлде қоры (бұдан әрі – «Жүлде қоры» немесе «Жүлделер») мынадай Жүлделерден тұрады:
Барбекю гриль (көмір) BB624-17 - 6 дана.
Tefal GC71D34 ақылды электр грилі - 6 дана.
Mi электр самокаты - 6 дана.
Термосөмке - 3 дана.
Samsung Galaxy Fit 3 silver ақылды білезігі - 9 дана.
Барбекюге арналған құралдар жиынтығы - 6 дана.
Доптар (волейбол) - 15 дана.
Жамылғылар - 15 дана.
Мангалдар - 6 дана.
Номиналы 30 000 теңге «Toimart» супермаркетіне сертификат - 12 дана.
Ескертпе: (i) Жүлделер саны шектеулі, (ii) Жүлделер қайтарылмайды, айырбасталмайды және олардың құнының ақшалай баламасына немесе өзге де өтемақы түрлеріне ауыстырылмайды, (iii) Жүлделердің нақты сипаттамалары, сыртқы түрі және өзге де параметрлері Науқанның жарнамалық материалдарында, сондай-ақ Ұйымдастырушы мен Техникалық серіктеске тиесілі веб-сайтта, әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстарда ұсынылған суреттер мен сипаттамалардан өзгеше болуы мүмкін.
9. Жүлде қорының ұтыс ойыны: Жүлде қорының ұтыс ойыны және жеңімпаздарды (бұдан әрі – «Жеңімпаздар») айқындау Ұйымдастырушының Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында (@toimart.supermarket) www.randstuff.ru веб-сайтындағы кездейсоқ сандар генераторын пайдалану арқылы тікелей эфирде өткізіледі. Барлық ұтыс ойындары Алматы қ.уақыты бойынша сағат 15:00-де келесі күндері өтеді: 2026 жылғы 14 мамыр, 28 мамыр, 11 маусым.
10. Жүлделерді беру: жүлделерді беру Ұйымдастырушының бас кеңсесінде: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Розыбакиев көшесі, 4-үй мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Талдықорған, Үшарал және Жаркент қалаларының жеңімпаздары үшін сыйлықтар осы қалаларда орналасқан Toimart супермаркеттер желісінің тиісті филиалдарына жеткізіледі және Науқан аяқталғаннан кейін беріледі. Жүлделерді беру күндері Жеңімпаздарға жеке хабарланатын болады. Жүлделер промокодпен ұтысты бақылау-кассалық чектің түпнұсқасы болған кезде ғана беріледі.
МАҢЫЗДЫ: бұл мәтін Науқанға қатысу шарттарының қысқаша сипаттамасын қамтиды және ережелердің толық редакциясы болып табылмайды. Науқанға қатысу алдын-ала танысу қажет қағидалардың толық нұсқасымен автоматты түрде келісуді қамтиды. Қағидалардың толық мәтіні ұйымдастырушының www.toimart.kz. ресми веб-сайтында берілген.