Табиғатқа қамқорлық қарапайым қадамдардан басталады!
Бүгінде қазақстандықтардың сүйікті Toimart сауда желісі қызмет көрсетудің неғұрлым экологиялық әрі заманауи форматына көшу жолында маңызды қадам жасап отыр. Енді сатып алушылар сатып алу кезінде қысқа чек алады, ал оның толық нұсқасы Фискалдық деректер операторының (ФДО) сайтында электрондық түрде қолжетімді.
Бұл заманауи шешім қоршаған ортаны сақтауға бағытталған. Әрбір қағаз чек — табиғи ресурстардың жұмсалуы. Ұзын чектерді басып шығаруды қысқарта отырып, Toimart сіздермен бірге, біздің сатып алушыларымызбен бірге, табиғатты қорғауға өз үлесін қосып келеді. Тіпті осындай, бір қарағанда шағын ғана қадамның өзі планетаға деген үлкен қамқорлықтың бір бөлігіне айналады.
Сонымен қатар компания сатып алулар туралы барлық ақпаратқа электрондық форматта жылдам әрі ыңғайлы қолжетімділік ұсына отырып, елдің цифрландырылуын қолдайды. Бұл ыңғайлы, қауіпсіз, заманауи және, ең бастысы, қағаз шығынын азайтуға көмектеседі.
Барлығы өте қарапайым: қысқа чектегі кодқа смартфон камерасын бағыттасаңыз жеткілікті, сонда сіздің сатып алуыңыз туралы барлық ақпарат экранда бірден көрсетіледі.
Біз табиғатқа қамқорлық жасау мен цифрлық технологияларды енгізу қатар жүріп, баршаға экологиялық, технологиялық және ыңғайлы қоғам құруға көмектесетініне сенімдіміз.